С.Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейдің (Өскемен қ.) бітіруші сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.
Іс-шарада Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары Р.М. Жақыпова мен А.М. Сапанова, сондай-ақ Физика, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары Г.С. Смолина мен С. Адиканова баяндама жасады.
Оқушылар университеттің білім беру бағдарламалары, стипендиялары, халықаралық байланыстары, кафедралардың ғылыми ізденістерінің бағыттары және практика базалары туралы, сондай-ақ оларға С. Аманжолов атындағы ШҚУ білім бере алатын барлық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы