Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушылары шетелдік жоғары оқу орындарында онлайн курстардан өтті

Оқытушылардың біліктілігін арттыру – Қазақстанның жоғары оқу орындары қызметіне қойылатын ең басты біліктілік талаптарының бірі. Сондықтан С.Аманжолов атындағы ШҚУ әкімшілігі педагогтардың кәсіби тұрғыдан дамуына жағдай жасауда.

Қазір пандемия жағдайында университет оқытушыларының біліктілігін арттырудың жаңа жолдары мен құралдарын іздеуге тура келеді. Ресурс орталығы шетелдегі серіктес жоғары оқу орындармен келіссөздер жүргізу барысында онлайн біліктілікті арттыру курстарын өткізу туралы келісімге келді. 2020 жылдың маусым айынан бастап бүгінге дейін әріптестеріміздің Мәскеу, Петербор, Омбы және т.б. қалалардағы жетекші жоғары оқу орындарының онлайн оқу алаңдарында оқуын ұйымдастырды.

Мәселен, Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының доценті, пс.ғ.к. Р.Ж.Төлеппергенева Б.Карвасарский атындағы Психотерапия және клиникалық психология институтында «Клиникалық психология» бағдарламасы бойынша 144 сағат көлемде онлайн курстан өтті, ал профессор, пс.ғ.к. И.К. Мацкевич Санкт-Петербор қаласының «Шығыс Еуропа психоанализ институтының ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС куәлігіне ие болды. Әріптесіміз «Психологиялық кеңес беру мен психотерапиядағы адлериан тәсілінің теориясы мен практикасы» бағдарламасы бойынша 72 сағат оқыды. Омбы мемлекеттік университетінің базасында ТФжХҚ факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Ә.Ә.Өскембай біліктілігін көтерді.

Кеше ғана Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент А.С.Рамазанова, Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценттері, з.ғ.к. З.Еркінқызы және А.А.Квашин біліктілігін арттыру куәліктерін алды.

Біз әріптестерімізді біліктілікті арттыру курстарының табысты аяқталуымен және куәлік алуларымен құттықтаймыз!

Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы

Қазақ
× You found a Typo