Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының оқытушылары доцент, п.ғ.к. С.Г. Сахариева және доцент, п.ғ.к. Н.Н. Радченко «Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі мәдениетаралық білім беру кеңістігі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізуге қатысты.
Дөңгелек үстел Н.Ф. Катанова атындағы Хакас мемлекеттік университетідегі «Үздіксіз педагогикалық білім берудің әлеуметтік-тұрақты инновациялық ортасын дамыту» атты VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында өткізілді.
Ресей, Қазақстан, Польша, Ирак, Беларусь, Словакия және Аустриядан келген VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның 1000-нан астам қатысушысы өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ өздерінің инновациялық білім беру жобаларын ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.
Ғылыми ізденістермен, пікірлермен және зерттеу нәтижелерімен алмасу әртүрлі жоғары оқу орындарында оқитын оқытушыларға ынтымақтастық орнатуға және ең жаңа ғылыми идеялардан хабардар болуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы