Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушылары Ыстамбұл университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары Түркияның Ыстамбұл университетінде ғылыми тағлымдамадан өтті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Әлімхан мен кафедраның аға оқытушысы, филология магистрі Жазира Қайырбаева Түркияның Ыстамбұл университетінде 16-23 қараша аралығында ғылыми тағлымдамадан өтті.

Тағлымдама Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырған «Рухани жаңғырудағы Қазақстан ономастикасы: Шығыс Қазақстан облысының латын графикасына негізделген антропонимдер және топонимдер жүйесі» гранттық жобасы аясында жүзеге асты.

Тағлымдама барысында оқытушылар жоба тақырыбына қатысты материалдар жинақтап, арнайы курста Ыстамбұл университетінің профессор-оқытушыларынан дәрістер тыңдап, сертификатқа ие болды.

«Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығы

Қазақ
× You found a Typo