Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушыларына «Медиация туралы» заңның 10 жылдығына орай грамоталар табыс етілді

С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары А.А. Каленова мен М.И. Дячук «Nur Otan» ШҚО филиалында өткен «Медиация – жанжалсыз аумақ» дөңгелек үстеліне қатысты. 

С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары – Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, магистрі, "Альтернатива" Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы" ҚБ басқарма төрайымы А.А. Каленова және Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті, "Медиаторлардың ұлттық палатасы" РҚБ төрайымы М.И. Дячук "Медиация – жанжалсыз аумақ" атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

"Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.В. Чугунков, Өскемен қалалық соты төрағасының м.а. Р.И. Шериязданов, ШҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Т.Т. Қасымов құттықтау сөз сөйледі.

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунковтың айтуынша, дұрыс кеңес беру және көмек көрсету бірқатар толғандыратын мәселелерді сот органдарына жүгінбей-ақ ерте сатыда шешуге көмектеседі.

Дөңгелек үстел барысында ШҚО бойынша МАЭС судьясы А.А. Смағұлова "Дауды соттан тыс реттеу тәртібі", Өскемен қалалық сотының судьясы Л.С. Зинашева "Медиация – дауларды шешудің тиімді құралы" тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша "Nur Otan", Өскемен қалалық соты, ШҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, "Медиаторлардың ұлттық палатасы" РҚБ, ШҚО кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің татуласу орталығы, "Альтернатива" Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы" ҚБ, "Ylan" құқық медиация орталығы" ҚБ, ШҚО "ШҚО кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығы, "Халықаралық құқық қорғау орталығы" РҚБ арасында өзара ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, "Медиация туралы" заңның 10 жылдығына орай медиаторлар, оның ішінде А.А. Каленова мен М.И. Дячук медиация саласындағы көпжылдық табысты қызметтері үшін грамоталармен марапатталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo