Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушысы халықаралық онлайн-конференцияда (Бельгия) баяндама жасады

15 қазанда Брюссель қаласында (Бельгия) онлайн режимінде Абай атындағы ҚазҰПУ және Modern Education &Research Institute ұйымдастырған «Халықаралық білім беру жобаларын құрудың құқықтық, әкімшілік және институционалдық аспектілері және оларды жүзеге асыру жолдары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасында халықаралық білім беру жобаларын енгізу тарихын, проблемалары мен перспективаларын көп аспектілі зерттеу» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Конференцияға мәртебелі қонақтар қатысты, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшісінің орынбасары, Еуропалық Одақ жанындағы төменгі Аустрия үкіметі өкілдігінің директоры.

Қазақ, қырғыз, өзбек профессорлары мен зерттеушілерінің баяндамалары орта және жоғары білім беру мәселелеріне арналды.

Халықаралық білім беру жобаларының рөлі мен маңыздылығы және оларды іске асыруға байланысты проблемалар туралы АҚШ, Украина, Қытай, Қазақстан қатысушылары баяндап берді.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректорының М.Ә.Төлегеннің қолдауымен шет тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Д.Р. Сапарова цифрлық кеңістік жағдайында заманауи коммуникация мәселелерін қозғайтын баяндама жасады. Баяндама жаңа цифрлық шындыққа айналатын мәдениеттің қазіргі жай-күйін талдауға арналды. Z сандық буынына және оның басқа ұрпақтармен байланыс процесіне назар аударылды.

Қатысушылардың баяндамалары тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, бұл белсенді пікірталаста, жаңа сұрақтар мен ерекше шешімдер қабылдауда көрінді.

Барлық қатысушылардың оң көзқарасын, қазіргі уақытта, әсіресе пандемия дәуірінде білімнің рөлі мен орнына деген шынайы қызығушылықты атап өткен жөн.

Д. Сапарова, шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo