Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушысы республикалық дөңгелек үстелде білім берудегі медиация туралы баяндама жасады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 12 қарашада үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы – «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруда азаматтық қоғам мен мемлекеттің бірігуі».

Дөңгелек үстел жұмысына С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Экономика және құқық факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, кәсіби медиатор, тренер-медиатор Аксана Александровна Каленова қатысты.

А.А. Каленова балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі пәрменді құрал ретінде білім беру саласындағы медиация туралы баяндама жасады.

2019-2020 оқу жылында ШҚО білім басқармасы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ және Шығыс Қазақстан облыстық соты қолдауымен «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы облыстың білім беру мекемелерінде мектептік медиация қызметтерін құру бойынша жобаны іске асырды.

Жоба қорытындысы бойынша оқушылар, педагогтар және ата-аналар қатарынан 2011 адам жанжалды шешудің медиативтік технологияларына оқытылды, 24 білім беру мекемесінде мектеп медиациясы қызметі ашылды, білім беру ортасында туындаған бірқатар даулар шешілді.

Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo