10 желтоқсанда Өскемен қаласы Шәкәрім атындағы №1 мектептің 11 сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі А.Ж. Әубәкірова университеттің білім беру бағдарламалары туралы құнды ақпаратпен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Қазақстан тарихы кафедрасының атынан мектеп директоры Әділ Сайлаубекұлына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Мәуітханқызына талапкерлердің дұрыс мамандық таңдауына көмек қолын созғандары үшін алғыс білдіреміз.
Қазақстан тарихы кафедрасы