- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
13 қарашада С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы Өскемен қаласы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен «Талапкерге көмек» атты кездесу өткізді.
Кафедра меңгерушісі Әсем Әубәкірова түлектерге мамандық таңдаудың басты қағидаларын түсіндіріп өтсе, кафедраның аға оқытушысы Жаннета Қалимолдина «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест сұрақтарына тоқталып, дәріс оқыды.
Кездесу танымды әрі қызықты өтті.
Қазақстан тарихы кафедрасы