С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағдарламаларына (мамандықтарына) түсушілер үшін құжаттарды қабылдауды және арнаулы емтихан (педагогикалық жағдаятты шешу) өткізуді жалғастыруда.
Оқуға түсушілерге ескертеміз:
1. университет www.vkgu.kz сайтындағы «Талапкер-2020» бөлімінде онлайн тіркеуден өту талап етіледі;
2. «Талапкер-2020» бөлімінде «Құжаттар тапсыру үшін талапкерлерге онлайн-форматта кеңес беру» құжатының ішінде өз мамандығы бойынша қабылдау комиссиясының техникалық хатшысымен байланысып, арнаулы емтиханнан өтуге сілтеме алу керек;
3. сілтемеде көрсетілген емтиханның күні мен уақыты бойынша ZOOM конференциясына кіру қажет.
Ескерту: арнаулы емтиханның нәтижесі болмаса, талапкер 2020 жылдың 13-20 шілдесі аралығындағы білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға жіберілмейді.
Университеттің қабылдау комиссиясы