Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ професcоры шешендік өнерден дәріс берді

4 қарашада С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың профессоры Амантай Жылқыбаева Өскемендегі Қасым Қайсенов атындағы №27943 әскери бөлімде шешендік өнерден дәріс берді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры А.Ш.Жылқыбаева Өскемендегі бөлімнің басшылық және жеке құрамына «Шешендік өнердің негіздері» деген тақырыпта дәріс берді.

Дәріс барысында қысқа-нұсқа сөйлеп үйренген әскери қызметшілердің шешендік қасиеттерін артыруға негіз беретін тапқырлық, оның қырлары, тапқырлықты туындататын түрлі сөздік тәсілдер сараланып айтылды.

Өз кезегінде әскери қызметшілер сөз мәйегіне ұйытқан, ділмәр сөзге ынтық еткен ШҚУ профессорына алғыстарын айтты.    

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы 

Қазақ
× You found a Typo