Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ профессоры А. Алексеенко АлтМУ-дың Жас түркітанушылар мен алтайтанушылар халықаралық мектебінің сессиясына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Алтайтану» ҒЗО-ның бас ғылыми қызметкері А.Н. Алексеенко АлтМУ-дағы (Барнаул қ., Ресей) Жас ғалымдар түркітанушылар мен алтайтанушылар халықаралық мектебінің көктемгі сессиясына қатысты.

Ғылыми форум жұмысына т.ғ.д., профессор, РҒА Этнология және антропология институтының директоры Д.А. Функ (Мәскеу, РФ), т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі Б.Е. Көмеков (Нұр-Сұлтан, ҚР), т.ғ.к., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті М.С. Жакин (Қарағанды, ҚР), т.ғ.к., Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Ш. Маржани атындағы Тарих институтының М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері А.В. Аксанов (Қазан, РФ) қатысты.

– Дәрістер аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, кеңінен талқыланды. II ғылыми-білім беру сессиясының тыңдаушылары жетекші сарапшы-ғалымдарға өз ғылыми ізденістерінің нәтижелерімен танысуға мүмкіндік бергендері үшін зор алғыстарын білдірді, – деп жазады Алтай мемлекеттік университетінің сайты. 

Халықаралық жас түркітанушылар мен алтайтанушылар мектебінің ІІ ғылыми-білім беру сессиясының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталып, 2021 жылдың күзінде мектептің ІІІ ғылыми-білім беру сессиясын өткізу туралы шешім қабылданды.

https://www.asu.ru/news/events/40411/

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo