Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ профессоры И. Мацкевич ЕҚЫҰ сарапшысы атанды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры И.К. Мацкевич байқаудың барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесіндегі Адами өлшем департаментінің сарапшылар/консультанттар тізіміне енгізілді.

PhD докторы, БҒСБК, ЖАК доценті, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Психология, педагогика және мәдениет факультеті Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры Ирина Константиновна Мацкевич Шығыс Қазақстан университетінде 24 жыл қызмет етеді.

Ғылыми-педагогикалық тағылымдамалардан Ирина Константиновна Мәскеудегі клиникалық психология және психотерапия институтында (Ресей), Дюссельдорфтағы (Германия) Неміс бейінді психологиялық білім беру орталығында, Неміс коммуникация орталығында (Киль, Германия), Италиядағы Лакуила университетінде, Швейцариядағы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорында (Женева қ.) өткен.

И.К. Мацкевич – 122 ғылыми еңбектің авторы.

ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің Адами өлшем департаменті (Нұр-Сұлтан қ.) Ирина Константиновнаны тағайындалуымен құттықтап, жемісті ынтымақтастық тіледі.

Құттықтаймыз!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo