С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, ЮНИСЕФ және «Зияткер» орталығының сарапшысы, психология ғылымдарының кандидаты И.К.Мацкевич халықтың негізгі топтарына психологиялық көмек және қолдау көрсетуге қатысты.
Көмек UNAIDS мен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы арасындағы ынтымақтастық аясында көрсетілді.
И.К. Мацкевич өз жұмысы үшін Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Н.А. Негай мен Орталық Азия елдеріне арналған ЮНЭЙДС субөңірлік кеңсесі директорының міндетін атқарушы Г. Ионашку қол қойған сертификатқа ие болды.
Баспасөз қызметі