Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ профессоры И.Мацкевичке Білім және ғылым министрінің грамотасы табысталды

Бүгін Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов қол қойған  ҚР БҒМ грамотасы С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры И.К. Мацкевичке онлайн түрінде табысталды.

Грамота БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінен берілді.

Білім және ғылым министрлігі Ирина Константиновна Мацкевичті құттықтап, оны Нұр-Сұлтанға марапаттау рәсіміне шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында И.К. Мацкевич Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисіне (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Адами өлшем департаментінің сарапшылар/консультанттар тізіліміне енгізілген болатын.

PhD докторы, БҒСБК, ЖАК доценті, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Психология, педагогика және мәдениет факультеті Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры Ирина Константиновна Мацкевич Шығыс Қазақстан университетінде 24 жыл жұмыс істеп келеді.

Ирина Константиновна Мацкевич Мәскеудегі клиникалық психология және психотерапия институтында (Ресей), Дюссельдорфтағы (Германия) Неміс бейінді психологиялық білім беру орталығында, Неміс коммуникациялар орталығында (Киль, Германия), Италиядағы Лакуила университетінде, Швейцариядағы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорында (Женева қ.) ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен.

И.К. Мацкевич – 122 ғылыми еңбектің авторы.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo