Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ профессоры Константин Павлович Прокопов 80 жасқа толып отыр

19 қазанда С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да аймағымыздың есімі аңызға айналған ғалымы, биология кафедрасының профессоры Константин Павлович Прокоповтың 80 жылдық мерейтойына орай «Өзін табиғатқа арнаған адам» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны биология кафедрасы ұйымдастырды.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә.Төлеген мен СД және ҒЖ жөніндегі проректоры  И.В.Ровнякова бастаған университет қызметкерлері мерейтой иесін құттықтады.

Ғалым, жазушы, фотограф, саяхатшы, мұғалім, С. Аманжолов атындағы ШҚУ биология кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты, Аймақтық менеджмент академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры Константин Павлович Прокопов Өскемен педагогикалық институтын бітіріп, кейін диссертация қорғап, өмір бойы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жұмыс істеуде. Ғалым Шығыс Қазақстанның фаунасы мен экологиясын зерттеумен айналысады, ол – 302 ғылыми еңбектің авторы.

Ғалым орнитолог-фаунист С.В. Стариков, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті үздіксіз білім беру зертханасының аға ғылыми қызметкері А.А. Теров онлайн-құттықтауларын жолдады.

Құттықтауларға мерейтой иесінің әріптестері, ізбасарлары және шәкірттері де қосылды.

– Ғылыми қызмет еткен жылдарымда мен Шығыс Қазақстанның барлық жерін – Зайсан мен Алакөлді, Батыс және Оңтүстік Алтайды, Қалба жоталарын жаяу, атпен, көлікпен, қайықпен, мотоциклмен аралап шықтым, жуырда ғана Алакөл қазаншұңқырына жасаған экспедициядан оралдым, – деді профессор.

Константин Павлович Прокоповқа көптеген игі тілектер, жылы сөздер айтылды, бірнеше әндер орындалды, сыйлықтар мен гүл шоқтары ұсынылды.

Өз кезегінде ғалым университетке өзінің 50 жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесі болып табылатын «Бұзаубас» атты жаңа кітабын сыйға тартты.

Баспасөз қызметі,

биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo