Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ профессоры Қуат Рахимбердин Парламент Мәжілісінің комитетінде сөз сөйледі

С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, заң ғылымдарының докторы, облыстық мәслихаттың депутаты, Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Қуат Рахимбердин Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасында азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттерге қарсы іс-қимылды қылмыстық-атқару реттеу» тақырыбында баяндама жасады.

Депутат Қ.Қ.Рахимбердин өз сөзінде сотталғандардың құқықтық жағдайына, жазаны өтеу тәртібіне байланысты бірқатар проблемаларды көтерді.

Қ. Рахимбердин Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасына азаптауларға және қатыгез іс-әрекеттерге қарсы іс-қимылға бағытталған нақты өзгерістер енгізуді ұсынды.

Отырысқа ІІМ, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот, ІІМ ҚАЖ комитеті және басқа да мемлекеттік органдар басшылығы қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo