Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ профессоры Өскеменде Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатуды ұсынды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың профессор-оқытушылық құрамы профессор С.Игібаевтың Өскемен қаласында Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнату туралы ұсынысына қолдау білдірді.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да университет ғалымдарының, оқытушылары мен докторанттарының, магистранттары мен студенттерінің қатысуымен «Шоқан Уәлихановтың тарихи-мәдени мұрасы» атты семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Советхан Игібаев «Шоқан Уәлихановтың тарих ғылымына енгізген жаңалықтарынан үзінді» тақырыбында баяндама оқыды. Шоқан Уәлихановтың шығысты зерттеуге қосқан үлесіне ерекше тоқталып, ғалымның 185 жылдығы аясында жастарға үлгі болсын деген мақсатта Өскемен қаласында ғалымның ескерткішін орнатуды ұсынды.

ШҚО сәулет этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашаку «Ш. Уәлихановтың қазақ этнография ғылымына қосқан үлесі» тақырыбында сөз қозғап, қазақ этнонимі, дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі Шоқан зерттеулерінде жаңа тәсілдермен көрсетілгенін атап өтті.

ШҚУ Ғылыми кітапханасының қызметкері Раушан Төлеуханова «Қазақтың жұлдызы» атты виртуалды кітап көрмесінің таныстырылымын жүргізді.

Семинар барысында қатысушылар Шоқанның туризмге, әдебиетке, тарихқа, мәдениетке, мемлекеттік басқару жүйесіне қосқан үлесі туралы өз ойларымен бөлісіп, профессор С. Игібаевтың ескерткіш орнату туралы ұсынысымен толықтай келісетіндіктерін айтты.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo