Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ профессоры С. Игібаев Шоқан Уәлихановқа өлең арнады

«Шоқан Уәлихановтың тарихи-мәдени мұрасы» атты семинар аясында т.ғ.д., профессор С.Қ.Игібаев Шоқан Уәлихановқа арнап жазған өлең шумақтарын ұсынды.

Жүрегі таза, терең-ой,

Данышпан, Шоқан, ғалым ғой.

Қызмет ету халқына

Арманы оның болды ғой.

Мақтан етіп қазағын,

Құрметке оны бөлеген.

Рухын елінің көтеріп,

«Рыцарьлармен – қазақ тең» деген.

Дәріптеп қазақ дәстүрін,

Жариялап аңыз әр түрін,

Таныстыра ел тарихын

Шет жерге, шет елге.

«Біз қазақпыз» деді бөтенге.

Хандарды Шоқан зерттеді,

«Алаштан бастап біз – ел» деді.

Қолынан өлген Темірдің

Амет пен Масет

Алаш ханның ұлдары.

Олар да қазақ хандары.

XIV ғасыр ортасы,

Ұлы ханның ордасы,

Бердібек хан болғанда

Тартыс, ұрыс басталды,

Крым, Қазан секілді

Қазақ та құрды ордасын,

Бердібек өлген кез еді

Тәртіпті елге орнатқан

Ақнияз (Орыс) ханның өзі еді.

Жәнібек пен Керейдің

Хандығы сәл соң еді,

Осылай болжам жасаған

Мұхаммед-Ханафияның өзі еді.

Бұл өлең жолдарын Советхан Кабдуәлиұлы Шоқан Уәлихановтың еңбектеріне бүгінгі жастар көңіл бөліп қараса, түсінсе, насихат жасап, қолданса деген оймен шығарған. Түсініп, оқыған әрбір жанға ой салар өлең жолдары іс-шарамыздың жаңа лебі болды.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo