Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ профессоры С. Игібаевтың мақаласы «Bylye Gody» журналында жарияланды

ШҚУ профессоры С.Қ. Игібаевтың «Қазіргі Қазақстан аумағындағы алтын өндіру тарихынан: XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы» атты мақаласы «Bylye Gody» журналында жарияланды және Web of Science Core Collection базасында индекстелді.

Мақала зерттеулерді анықтау және бағалау үшін миллиондаған зерттеушілер, институттар мен демеушілер пайдаланатын ғылыми дәйексөздер дерекқорында индекстелген.

Профессор мақаласын жариялауға қабылдаған журнал да беделді рейтингтерге ие. Бұл – «Bylye Gody» журналы, оның CiteScore бағалау стандарты 2019 жылы 1,0-ге тең болды, тарих бойынша процентилі (журналдың ұқсас ғылыми саладағы журналдар рейтингіндегі орнын көрсететін көрсеткіш) – 87, саясаттану және халықаралық қатынастар бойынша процентилі – 55.

Университет ғалымдарына қолжетімді ғылыми жинақтар туралы толық ақпаратты кітапхана сайтынан алуға болады: https://library.vkgu.kz/ru/page/naukometriya.html.

Профессор С.Қ. Игібаевты жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo