С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының сарапшысы, психология ғылымдарының кандидаты И.К. Мацкевич Еуропалық одақтың және Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қолдауымен «Қазақстандағы көші-қон процестеріндегі балаларды қорғау» Үйлестіру кеңесінің VI отырысына қатысты.
Отырыс онлайн-режимде өтті.
Үйлестіру кеңесінің VI отырысында қаралған мәселелер – бірлескен бағдарламаны іске асыруды үйлестіру және жоспарлау, КОВИД-19 пандемиясының мигранттарға әсері және орталық және жергілікті деңгейлердегі ден қою шаралары, Қазақстан өңірлеріндегі көші-қон процестерінде балаларды қорғау бойынша модельді тестілеу нәтижелерін таныстыру.
И.К. Мацкевич «Көші-қон үдерісінде балаларға арналған достық бөлмелерін құру және жабдықтау бойынша ерекшелік» тақырыбында баяндама ұсынды.
Баяндамашылар арасында ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.А. Әзімова, ҚР-дағы Еуропалық одақ өкілдігі ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсон, ҚР-дағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен, халықаралық сарапшы, ЮНИСЕФ консультанты Аваз Рауф, ЮНИСЕФ-тің балаларды қорғау жөніндегі бағдарламаларының үйлестірушісі М. Алыбекова және басқалар болды.
Баспасөз қызметі