«STEM – әлемдегі және Қазақстандағы білім беру» пікірталас алаңы барысында «Stem-білім беру: тарихы, мәселелері мен болашағы» тақырыбында С. Аманжолов атындағы ШҚУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты И.В. Ровнякова баяндама жасады.
Пікірталас алаңы ШҚУ-да ұйымдастырылған «Уәлиев оқулары – 2020» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы аясында өтті.
– STEM-білім – бұл оқу мен мансапты байланыстыратын көпір. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық дамыған әлемге дайындайды. Болашақ мамандарына жаратылыстану ғылымдарының, инженерияның, технологияның және математиканың түрлі білім беру салаларынан жан-жақты дайындық пен білім қажет, – деп атап өтті И.В. Ровнякова.
STEM – бұл кәсіби даму мүмкіндіктерінің кең таңдауы (пайдалану тиімділігі, сондықтан STEM пәндерін оқыту технологияларын енгізуге арналған жалпыұлттық науқан елде қарқын алуда).
Таяу болашақта әлемде IT-мамандар, бағдарламашылар, инженерлер, жоғары технологиялық өндіріс мамандары және т.б. күрт жетіспейтін болады және био, нано технологиялар мамандары сұранысқа ие болады, оларды дайындау туралы бүгін ойлану керек.
Баспасөз қызметі