Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры «Алтай – Азия-2020» IV халықаралық білім беру форумында баяндама жасады

Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ.) «Еуразиялық білім беру кеңістігіжаңа сын-қатерлер мен үздік тәжірибелер» тақырыбы бойынша «АлтайАзия-2020» IV халықаралық білім беру форумы онлайн-режимде өтті.

Форумға әлемнің 15 елінен өкілдер қатысты.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор М.Ә.Төлеген «Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың өңір кәсіпорындарымен өзара іс-қимылы: тәжірибе, нәтиже, келешек» атты баяндама жасады.

Шығыс Қазақстанның аймақтық үлгісі ретінде ол ғылым мен өндірістің интеграциясы моделіне тоқталды. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасы жұмысының тәжірибесімен бөлісті.

– ҰҚҰҒЗ мақсаты – ғылым мен техниканы дамыту үшін ғылыми-зерттеу, технологиялық және инженерлік инфрақұрылымды құру, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін отандық және шетелдік ғалымдардың зертхана жабдықтарына ашық қол жеткізуін қамтамасыз ету. Жылына ҰҚҰҒЗ-ға әлемнің түкпір-түкпірінен 30-дан астам ғалым келеді және өз кезегінде зертхана қызметкерлері тәжірибе алмасу және тағылымдамадан өту үшін Еуропа, Америка және Ресей елдеріне барады, – деп хабарлады М.Ә. Төлеген.

Сонымен қатар, ол университеттің кәсіпорындармен және ұйымдармен – «ҮМЗ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Машзавод» ЖШС, «БИПЕК АВТО» АҚ, «Ярославское» ЖШС, «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ҒЗИ, ҚР Ұлттық ядролық орталығымен бірлескен жобалары туралы айтты.

Баяндамада сондай-ақ «ЭКСПО» халықаралық көрмесінде ұсынылған және шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болған ЖОО ғалымдарының «Гибридті электр станциясы» жобасы туралы ақпарат айтылды.

– Университеттің практикалық ғылыми қызметі ЖОО-ның бейінді ғылыми зертханалары мен өңірдің ірі кәсіпорындарының өзара белсенді іс-қимылына негізделген ғылыми-өндірістік кластерлер құруға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді М.Ә.Төлеген. – Жоғары оқу орны әзірлеген интеграцияның мұндай моделі оң нәтижелер береді және ынтымақтастықтың екі жағына да өзара тиімді, өйткені ол ұлттық ғылым мен экономиканы дамытуға бағытталған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo