Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті болып сайланды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә.Төлеген алты елдің вице-президенттерінің қатарында Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті болып сайланды.

Азия университеттері қауымдастығының жаңа президенті болып Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректоры Қанат Жәлілұлы Садықов сайланды.

Азия университеттері қауымдастығының алты вице-президенті бар, олар – Ресей, Қазақстан, Қытай, Армения, Тәжікстан, Моңғолия секілді алты мемлекеттің өкілі.

Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті болып Сергей Валентинович Землюков, Алтай мемлекеттік университетінің президенті (Ресей), Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры (Қазақстан), Армен Размикович Дарбинян, Ресей-Армян славян университетінің ректоры (Армения), Хушвахтзода Кобилджон Хушвахт, Тәжік ұлттық университетінің ректоры (Тәжікстан), Лю Ин, Хейлунцзян шет тілдер институтының ректоры (Қытай), Бавуу Нямдордж, Ховд мемлекеттік университетінің ректоры (Моңғолия) сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, 24-26 қыркүйекте Алтай мемлекеттік университетінде «Алтай–Азия-2020: Еуразиялық білім беру кеңістігі – жаңа сын-қатерлер мен үздік тәжірибелер» IV халықаралық білім беру форумы өтуде.

Форум күндізгі және қашықтықтан қатысу форматында өтіп жатыр. Форум барысында тікелей онлайн-трансляциялар, онлайн-пікірталастар, сұхбаттар, жобалық сессиялар, дайын шешімдер кейстерін көрсету және т.б. өтуде. Сарапшылар өз білімімен, тәжірибесімен, жаңа идеяларымен бөлісіп, өзекті тақырыптарға сараптамалық баға беруде.

Форумда «Пандемиядан кейінгі жоғары білім – трендтер мен сын-тегеуріндер», «Білім беру кеңістігінің жаңа архитектурасы», «Университеттің ғылыми-зерттеу әлеуеті: жергілікті немесе жаһандық трендтер», «Өзгерістердің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеу: университет, қоғам, бизнес және билік тарапынан болатын сын-тегеуріндер» тақырыптары талқылануда.

Бүгін «ТМД кеңістігіндегі түркі әлемі: негіздері, трендтері мен келешегі» сараптамалық-талдау сессиясы өтті, оның бастамашысы Алтай мемлекеттік университетінің «Үлкен Алтай» алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығы және Азия университеттері қауымдастығы болды.

Іс-шараға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдың жетекші түрколог ғалымдары қатысты. Қазақстанның атынан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан) және Шығыс Қазақстан университетінің «Алтайтану» ҒЗО (Өскемен) қатысты.

«Халықаралық ғылыми тәжірибе: медиация және өзара әрекеттесу тәжірибесі» сараптамалық-талдау сессиясында «Академиялық ғылым мен білімнің аймақтық интеграция тәжірибесі» баяндамасымен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры И.В. Ровнякова сөз сөйледі.

Бүгінгі форум жоспарында форумның аралық қорытындысын on-line шығару, форумның қарарын бекіту, «Қалай Нобель сыйлығының лауреаты атануға болады?» жас зерттеушілерге арналған форсайт-сессия» шорт-трекі, «Ресейлік білім беру ортасындағы шетелдік студент» жобалық сессиясы және басқа да іс-шаралар бар.

ШҚУ ұжымы «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлын Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті болып сайлануымен құттықтайды! Зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жеңістер тілейміз! 

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo