Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры «BAQ.KZ» республикалық ақпараттық агенттігіне алдағы сайлауға қатысты пікір білдірді

«BAQ.KZ» сайтына 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірген С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә.Төлеген қазіргі сайлау алдыңғы сайлаулардан ұзақ үгіт-насихатқа дейінгі кезеңімен (51 күн) ерекшеленетінін айтты.

​– Қазіргі сайлау алдыңғы сайлаулардан ерекшеленеді, оның ерекшелігі – ұзақ үгіт-насихатқа дейінгі кезең (51 күн). Осы енгізілген норма барлық саяси партияға ұзақ уақыт бойы сайлау науқанына дайындалуға, сайлауалды тұғырнаманы әзірлеуге, партиялық инфрақұрылымды жетілдіруге мүмкіндік берді, – деді ректор.

Жоғары оқу орны басшысының айтуынша, партиялар үгіт-насихатқа дейінгі кезеңді тиімді және креативті түрде, оның ішінде онлайн режимде де пысықтады.

– ​Бүгінгі таңда жаңа көшбасшыларды, әсіресе стандартты емес шешімдер қабылдай алатын және жаңа инновациялық ұсыныстар мен идеялар енгізе алатын жастар арасынан жаңа көшбасшыларды ұсынудың заманауи тетігі бүкіл әлемде кандидаттарды іріктеудің ең демократиялық әдісі болып саналатын жаңа жұмыс түрлері болып табылады, – деді М.Ә.Төлеген.

​Білім ордасы басшысының пікірінше, қазіргі негізгі міндет – «Мықты көшбасшылар – мықты партия» қағидаты бойынша нақты және мықты көшбасшыларды тарту, белсенді және бастамашыл азаматтар үшін әлеуметтік лифт құру, елді дамыту мәселелерін талқылауға және өңірлердегі жүйелі жұмыс үшін өзекті мәселелерді анықтауға қалың бұқараны тарту. Бұл жаңашылдықтар партияларға елдің саяси жүйесіндегі өз позицияларын нығайту үшін қосымша мүмкіндік береді.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo