Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры БҒМ кеңесінде университеттегі қашықтан оқыту туралы баяндама жасады

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә.Төлеген вице-министр М.М. Дәуленовтің қатысуымен өткен Білім және ғылым министрлігінің кеңесінде сөз сөйледі.

Кеңес тақырыбы – «Қашықтықтан оқыту форматындағы оқу жылының басталуы», М.Ә.Төлеген баяндамасының тақырыбы – «С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да оқу жылының басталуы».

Кеңес барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т.О.Балықбаев және Қарағанды техникалық университетінің СД жөніндегі проректоры Г.С. Жетесова сөз сөйледі.

М.Ә. Төлегеннің «С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да оқу жылының басталуы туралы» баяндамасы:

ҚР Білім және ғылым министрінің 13.08.2020 ж. №345 және 03.09.2020 ж. №381 бұйрығымен бекітілген коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар негізінде оқу процесі 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту форматында басталды.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін екі LMS қолданылады: eUniver білім беру порталы (http://euniver.vkgu.kz) және қашықтықтан оқыту порталы (http://edu.vkgu.kz/).

ҚР БҒМ әдістемелік ұсынымдарын түсіндіру мақсатында қашықтықтан оқыту форматына көшу кезінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ 2020 жылғы 24-25 тамызда ҚР ЖОО-ларының қатысуымен 2 күндік республикалық семинар өткізді.

25 тамыздан бастап 1 курс студенттері үшін бағдарлау кезеңі ұйымдастырылды. Барлық студенттер үшін эдвайзерлермен, факультет декандарымен онлайн-кездесулер ұйымдастырылды.

2020 жылғы 28 тамызда ректордың студенттермен және педагогикалық ұжыммен онлайн-кездесуі ұйымдастырылды.

1 қыркүйекте онлайн-Білім күні өтті.

2 қыркүйекте Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Білім күніне арналған «Әліппе – білім бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті, іс-шара аясында «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының, цифрлық педагогика зертханасының ашылуы өтті.

Сапалы білім беру процесін жүзеге асыру үшін оқытушылар біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Айталық, «ЖОО оқытушысының ІТ-сауаттылығы» курсын 70 адам, «Онлайн-курстарды құру теориясы мен практикасы» курсын 78 адам, «ҚБТ жағдайында оқу процесін ұйымдастырудың теориясы мен практикасы» курсын 172 оқытушы аяқтап, сертификат алды, сонымен қатар бұл курстан ҚР ЖОО-ларының 47 оқытушысы өтті.

2020-2021 оқу жылында 1 курсқа қабылдау өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға жоғары және 2515 адамды құрады. Оның ішінде бакалавриатқа – 1972, магистратураға – 185, докторантураға – 14, колледжге – 316 адам түсті, оның ішінде 905 білім алушы грантқа қабылданды, олардың 747-сі білім беру гранты, 158-і жергілікті атқарушы органдардың гранты бойынша түсіп отыр.

Ақылы бөлімге 1580 білім алушы қабылданды. 2020-2021 оқу жылына төлем құны өскен жоқ. ЖОО-да жеңілдіктер туралы ереже бекітілген.

Студенттердің жалпы саны – 7270, оның ішінде: бакалавриат – 6279, докторантура – 35, колледж – 740, ал магистратурада қабылдау аяқталуда.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Бірінші курсқа арналған анықтама-кітапша» электрондық анықтамалығы әзірленіп, университет сайтында жарияланды

Анықтамалықта оқу процесі, оқытудың кредиттік жүйесі, «PARASAT» қызмет көрсету орталығы, оқу ақысын төлеу тәртібі, GPA үлгерімін есептеу әдістемесі, жатақханалардан орын алу, деканаттар байланыстары туралы ақпарат берілген.

1 қыркүйекте студенттер жаңартылған қашықтықтан оқыту порталында тіркеуден өтті.

Әдістемелік ұсыныстарды ескере отырып, оқыту форматы көрсетілген сабақ кестесі жасалды (синхронды, асинхронды).

Оқу жылының басына дейін ШҚУ оқытушылары You tube арнасында орналасқан 1486 бейнедәріс жасады.

Білім беру процесіне қатысушылар арасындағы кері байланыс «Виртуалды ректорат», «Виртуалды тіркеу кеңсесі» және «Виртуалды деканат» жұмыстары арқылы қамтамасыз етіледі.

Университет білім алушылар мен оқытушылардың электрондық ресурстарға (кітапхана қорының электрондық каталогына, білім беру және ғылыми ресурстарға пайдалы сілтемелерге) қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

ШҚУ-да кибершабуылдардан қорғаныс жұмыс істейді: PFSense желіаралық экраны, ESET NOD32 Antivirus Business Edition, ESET Mail Security.

Практоринг: Examus, Бейне стриминг: BigBlueButton, Zoom, Google meet, Youtube.com.

Сонымен қатар, «Электрондық құжат айналымы»: Documentolog орнатылған және жұмыс істейді.

Студенттер үйлерінде (жатақханаларда) интернет жоқ ауылдардан 87 білім алушы тұрады. Студенттер үйлерінде компьютерлік парк 100% жаңартылды. Жатақханалардың шатырына, душ кабиналарына, кіру топтарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Студенттер үшін спорт нысандары бар: университет ғимараттарындағы спорт залдары, фитнес-орталық, ашық спорт алаңдары, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, «Чайка» бассейні.

ҚР Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Жолдауы аясында университет 2 айлық курстар арқылы педагогикалық кадрларды тез даярлау және қайта даярлауға кірісті.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo