Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры: Ел Президенті адами капиталды дамыту және жаңа үлгідегі білім саласын инвестициялау қажет екенін айтты

1 қыркүйекте, яғни Білім күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған кезекті Жолдауын жариялап, елдің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі мақсаттарын белгіледі, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік өткір мәселелерге назар аударды.

Экономистерді, заңгерлерді, экологтарды даярлайтын біздің көпсалалы жоғары оқу орнымыз үшін ел Президенті жүктеген экономиканы, бюджеттік саясатты және құқық қорғау жүйесін реформалауға, қоршаған ортаны қорғауға қатысты тапсырмалар өте маңызды.

Президент Қ.-Ж.К. Тоқаев еліміздің экономикалық бағыты негізделуі тиіс жеті қағидатты, оның ішінде адами капиталды дамыту мен жаңа үлгідегі білім беруге инвестициялар тартуды ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, жаңа экономикалық саясат қағидаттарының ішіне игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, жеке кәсіпкерлік, адал бәсекелестік, кәсіпкерлердің жас буыны үшін жаңа нарықтарды ашу, өнімділіктің өсуі және экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру, жасыл экономика мен қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және сол шешімдер үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі сынды бағыттар еніп отыр.

Бүгінде біз мемлекеттің негізін қалаушы қағидатын – заңдылық пен конституциялық құқықтардың сақталуын қолдаймыз, сондықтан ел Президентінің өкілеттіктерді нақты бөле отырып, жаңа құқық қорғау моделін енгізу туралы ұсынысы, яғни полиция – прокурор – сот моделі азаматтардың сұраныстарына жауап беріп, олардың мүдделері мен ұмтылыстарын ескеруі тиіс деп санаймын.

Бұдан басқа, ел Президентінің мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, жаңа бюджеттік саясат туралы, стратегиялық жоспарлау және Президентке тікелей бағынатын реформалар жөніндегі жаңа агенттік құру туралы, азаматтардың реформаларға бастамашылық жасауы үшін бірыңғай онлайн-петиция институтын құру туралы, мәслихаттарға қол жинау құқығын беру, өңірлерді дамыту және жергілікті проблемаларды шешу жөнінде петиция жасау, салық және кеден салаларын цифрландыру туралы, елдің әлеуметтік кодексін әзірлеу туралы, саяси реформалар, оның ішінде ауыл әкімдерін сайлау туралы бастамалары аса маңызды екенін атап өткім келеді.

Президент Жолдауындағы мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтеру туралы тапсырмасы ұстаздар қауымын қуантып отыр, бұл «Педагог мәртебесі туралы» заңды табысты іске асыруға мүмкіндік бермек, соның арқасында жоғары оқу орындарының педагогикалық кадрларды даярлау жүйесі де жаңғыртылуда.

Бүгінгі таңда университеттер «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тиімді енгізуде, материалдық-техникалық базаларын жаңартып, заманауи IT-инфрақұрылымдарын кеңейтуде, жаңа IT-білім беру бағдарламаларын ашуда, осылайша ел Президенті айтқандай жаңа үлгідегі білім беруге инвестициялар салуда.

М.Ә. Төлеген,

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор

 

Қазақ
× You found a Typo