Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры ел Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректорымен кездесті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор М.Ә.Төлеген ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Ерлан Қуанышұлы Әбілмен және бірінші вице-ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Шәжіұлы Дүсіповпен кездесті.

ШҚУ ректоры қонақтарды №5 оқу ғимаратымен, соның ішінде «Зияткер» және «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталықтарымен, басқа да көрікті жерлермен таныстырды.

Сұхбат алаңы барысында ректор М.Ә. Төлеген мен ректор Е.Қ. Әбіл келешек ынтымақтастық бағыттары, оның ішінде жобалар бойынша, атап айтқанда жобалық менеджмент бойынша пікір алмасты, СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова қонақтарға университеттің тарихы мен қазіргі жетістіктері туралы, ал "Саналы ұрпақ" клубының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Г.Т. Байыркенова клубтың жұмысы туралы айтып берді.

Сапар аясында «Мықты филиал – мықты академия», «Мемлекеттік органдардың жұмыс тәжірибесіндегі жобалық менеджмент», «Академияның стратегиялық бастамалары» стратегиялық сессиялары, өңірде жобалық менеджментті дамыту перспективалары және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру туралы қайта даярлау курстарының тыңдаушыларымен онлайн сессия өтті.

Сонымен қатар, «Адалдық бағыттары...» кітабы аудармасының тұсаукесері өтті, ШҚО мемлекеттік қызметшілері арасындағы «адалдық» құзыреттілігін зерттеу нәтижелері және басқа да іс-шаралар ұсынылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo