Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры «Көпұлтты мәдени әлемдегі Абай мұрасы» халықаралық конференциясында баяндама жасады

29 қазанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Абайдың 175 жылдығына арналған «Көпұлтты мәдени әлемдегі Абай мұрасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Ұйымдастырушылар С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Польшада «Абай» мәдени білім беру орталығын ашқан жұмыстары қызықтыратынын айтып, ғылыми байланыс орнату мақсатында университет ректоры, профессор Мұхтар Төлегеннің осы конференцияда баяндама жасап, өз тәжірибесін ортаға салуын сұраған болатын.   

Конференцияның пленарлық отырысында «Абай мұрасы – зияткер ұлт қалыптастырудың негізі» тақырыбында баяндама жасаған ректор, профессор М.Ә.Төлеген Мемлекет басшысының Абайдың мұрасын ардақтау, жан-жақты дәріптеу –  баршамыздың міндетіміз екенін, оның әр сөзіне мән беріп, астарына үңіліп, парасат-пайымына бойлай білу қажет екенін атап көрсеткеніне тоқталды.

М.Ә.Төлеген: «Жаңарған жаңа ұлт болмысын қалыптастыру үшін халқымызға Абайдан асқан ақылшы, рухани азық жоқ.

Жастарды ұлтжандылық пен адамгершілікке баулып, ғұлама ойларын жанына тоқыған толыққанды, адамзатты сүйетін, ізгілікті, толерантты азаматтарды қалыптастыруымыз қажет» деп, сол бағытта 2019 жылы Польшаның Свече қаласындағы техникалық-лингвистикалық университеті базасында «Абай» білім беру орталығын және биыл университет жанынан «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтын ашқандағы мақсатын, тәжірибесін ортаға салды.

Абай мұрасын танымалдандыру мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

Сөз соңын «Ұлт болмысын жаңғырту барысында Абайды толғандырған жағымсыз қасиеттерден арылуымыз керек. Бұл жолда басты темірқазық – Абайдың «Толық адам» ілімі. Бүгінгі тәрбие жұмыстары «Толық адам» іліміне негізделуі қажет» деген оймен аяқтады. 

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институты

Қазақ
× You found a Typo