Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетін 25 жылдығымен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан заманауи халықаралық қатынастарда: Тәуелсіздік тұғырымен» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Халықаралық конференцияға С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор М.Ә.Төлеген әріптестерін құттықтап қатысты.

– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан экономикасының, мәдениетінің, ғылымы мен білімінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты және еліміздің жоғары мектебінің тірегі, бүкіл Орталық Азия өңіріндегі кадрлардың ең ірі ұстаханасы болды. Бүгінде ҚазҰУ рейтингте 165 орынды алып, әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енді. Білім берудің жоғары сапасы, халықаралық деңгейде танылу, белсенді ғылыми-зерттеу қызметі, инновациялар, мықты профессорлық-оқытушылық құрам және дарынды түлектер – міне, бүгінгі ҚазҰУ мақтан тұта алады.

ҚазҰУ ұжымы жаңғыртудың белсенді субъектісі бола отырып, ұлттық зерттеу университеті мәртебесін берумен және оған автономия берумен байланысты жауапкершілікті қабылдауға дайын. Бұл университетке экономикалық қатынастардың дербес қатысушысы болуға мүмкіндік беріп қана қоймай, халықаралық бәсекеге қабілеттілікті айтарлықтай арттырады, өйткені ҚазҰУ шетелдік стандарттарға жақын жағдайларда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін ҚазҰУ ҚР жоғары оқу орындарын барлық әлемдік стандарттарға сай келетін ұлттық зерттеу ЖОО-на трансформациялаудың бағдары болып табылады, – деп атап өтті М.Ә. Төлеген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетістіктері туралы.

Шығыс Қазақстан университетінің ректоры мерейтойдың 25 жылдығын атап өткен халықаралық қатынастар факультетінің жетістіктерін де атап өтті.

– Бүгінде халықаралық қатынастар факультетінің түлектері тарих, құқық, түрлі мемлекеттердің саясаты, шет тілдерін жетік меңгерген, Қазақстан мен шет елдердің жауапты лауазымдарында, мәртебелі мекемелерінде табысты еңбек етуде. Мен халықаралық қатынастар факультетінде екі жыл деканның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс істеу мәртебесіне ие болғанымды мақтан тұтамын, – деді М.Ә. Төлеген әріптестеріне. – Факультеттің мерейтойына орай өзімнің тәлімгерлеріме – профессор К.И. Байзақоваға және профессор К.Н. Шәкіровке, сондай-ақ халықаралық қатынастар саласындағы көрнекті қайраткерлерге, ғылым қайраткерлеріне: профессор Ж.У. Ибрашев, Е.С. Чукубаевқа үлкен алғысымды білдіргім келеді, солардың арқасында мен үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибеге ие болдым, ол қазір менің кәсіби әлеуетімді табысты іске асыруға көмектеседі. Менің кафедра меңгерушім профессор С.Ж. Айдарбаев болды, қазір – халықаралық қатынастар факультетінің деканы, жетекші ғалым, білікті маман және принципшілдік, көрегендік қасиеттері бар, мені алға қойған мақсаттарыма жетуге және қиындықтардан қорықпауға үйреткен адам. Біздің сүйікті халықаралық қатынастар факультетімізге 25 жыл – бұл жас ұрпақтың гүлденуі! Халықаралық қатынастар факультетіне одан әрі даму мен өркендеу, ал бүкіл ұжымға еліміздің игілігі үшін еңбекте жаңа табыстар тілеймін!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo