Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры М. Төлеген қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, «Nur Otan» партиясының мүшесі, облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Ә. Төлеген «Nur Otan» партиясынан Өскемен қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Университет ұжымы ЖОО ректорын сайлануымен құттықтады:

«Құрметті Мұхтар Әділбекұлы! С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы Сізді қалалық мәслихат депутаттығына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтайды және жаңа қоғамдық-саяси салада табыстар тілейді!

Сізді жігерлі және білікті басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде біле отырып, сіздің әлеуетіңіз, кәсібилігіңіз, күш-қуатыңыз, жаңа жоспарлар мен жобаларды іске асыруға деген ұмтылысыңыз облыс орталығы тұрғындарының игілігіне, Өскеменнің одан әрі дамуына зор ықпал етеріне сенеміз!

Алға қойылған барлық міндеттердің сәтті жүзеге асуын, сайлаушылардың талап-тілектерінің табысты орындалуын тілейміз, ал біздер – сіздің сайлаушыларыңыз осы мақсаттарға жетуге көмектесеміз! Құттықтаймыз!».

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo