12 тамызда аталатын халықаралық Жастар күніне орай Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген университеттің жас ғалымдарына Абай және Сәрсен Аманжолов медальдарын табыс етті.
Олар – өнертапқыш, физика-математика ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханасының инженер-зерттеушісі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енген Альмира Михайловна Жилқашинова мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханасының меңгерушісі, PhD докторы Сутула Максим Юрьевич.
Құттықтаймыз!
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы