Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры оқытушылар мен қызметкерлерге еңбек нәтижелеріне орай грамоталар мен сертификаттар табыс етті

Жаңа жыл қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген ҚР БҒМ, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қала әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын осы жылы ерекше көзге түскен ЖОО оқытушылары мен қызметкерлеріне табыс етті. 

ҚР БҒМ Құрмет грамоталарын Байгереев Досан Рақымғалиұлы, Мужчиль Марина Дмитриевна, Байжұманова Лейла Төлеубайқызы, Раисова Қарлығаш Рахымқызы, Қалиева Гүлнара Қайыржанқызы, Сейпутанова Аймгүл Қамзанқызы алды.

ҚР БҒМ алғыс хатымен Жапарова Айнагүл, Болатова Жаннель Болатқызы, Аманжолова Назым Аманжолқызы, Төлегенова Бибігүл Төлегенқызы марапатталды. 

Сонымен қатар, Өскемен қаласы әкімінің алғыс хаты Досан Рақымғалиұлы Байгереевке, облыстық мәслихаттың грамоталары Марина Дмитриевна Мужчиль мен Лейла Төлеубайқызы Байжұмановаға, қалалық мәслихаттың алғыс хаттары Айымгүл Қамзанқызы Сейпутановаға және Айнагүл Жапароваға табыс етілді.

Сондай-ақ, ректор ашық білім берудің электрондық алаңдарында ЖАОК форматында онлайн курсты әзірлеуге алғаш рет өткізілген ЖОО ішіндегі конкурс жеңімпаздарына сертификаттар тапсырды.

І орын үшін сертификат Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы Аксана Александровна Каленоваға, ІІ орын үшін магистр-инженер, Физика кафедрасының аға оқытушысы Евгения Петровна Шевчук пен Қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы Айнагүл Жапароваға, ІІІ орын үшін Экология және география кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының докторы Валерий Александрович Седелевке, Қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы Людмила Ивановна Белоусоваға, Физика кафедрасының аға оқытушысы Евгения Петровна Шевчукқа табысталды.

Мұнымен қоса, ұжымдық өтінімдер бойынша жеңімпаздарға да сертификаттар табысталды: І орын – "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында химия бойынша кейбір күрделі тақырыптарды (тарауларды) зерттеу", жетекшісі – Бақыт Қалиасқарқызы Шаихова, Химия кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты (авторлық ұжым), ІІ орын – "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" (ағылшын тілінде), жетекшісі – Сәния Нұрланбекқызы Көбентаева, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты (авторлық ұжым), ІІІ орын – "Биоалуантүрлілік және оны сақтау", жетекшісі – Алмаш Анашпайқызы Кітапбаева, Биология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты (авторлық ұжым).

Марапаттау рәсімі офлайн және онлайн режимдерінде, яғни аралас форматта өтті.  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo