Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры өңір журналистерімен онлайн-кездесу өткізді

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ректор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген өңір журналистерімен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесуге Байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері күніне орай «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ туралы үздік мақала» номинациясы бойынша журналистерге арналған «Шабыт/ШҚМУ-2020» байқауының жеңімпаздары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Азамат Қасым алды, 2 орынды республикалық «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Галина Вологодская мен облыстық «Рудный Алтай» газетінің және «Алтайньюс» сайтының тілшісі Гүлжан Естаева бөлісті.

3 орынды облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Дәурен Аллабергенұлы, «Қазақзерно» республикалық ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Надежда Михеева, inbusiness.kz республикалық сайтының меншікті тілшісі Жанар Асылханова, облыстық «Мой город» газетінің және «YK-news.kz» сайтының тілшісі Лилия Дроздова иеленді.

Кездесуге, сондай-ақ, университетпен белсенді қарым-қатынас орнатқан журналистер – «Қазақстан» республикалық телеарнасының меншікті тілшісі Берік Көшербаев, «Хабар» республикалық телеарнасының меншікті тілшілері Олжас Керейхан, Вячеслав Ветлугин, Әнел Есенберлина, блогер Аида Жабағиева қатысты.

Кездесу барысында Мұхтар Әділбекұлы БАҚ өкілдерін өткен кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері күнімен, ал журналистер, өз кезегінде, ректорды туған күнімен құттықтады.

БАҚ өкілдері мен университет ректоры бір-біріне тиімді ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмыстың келешек бағыттарын айқындады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo