Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры ШҚО Қоғамдық кеңесінде баяндама жасады

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлеген ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша ШҚО Қоғамдық кеңесінде сөз сөйледі.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлегеннің баяндамасының мәтіні:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында барлық салалар бойынша, соның ішінде білім мен ғылымдағы жаңа, стратегиялық бағыттарды белгілеп берді.
Ел Президенті өзінің Жолдауында ғылымды қаржыландыру мен қолдаудың маңызды көзі ретінде ірі кәсіпорындардың қаржысы екенін атап өтті. Бірден айта кетейік, қазір облыстың жоғары оқу орындары Шығыс Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдары, ғылыми орталықтары, ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ мысалында аймақтағы жағдайды талдап көрейік. Облысымызда машина жасау саласы жақсы дамыған. Университеттің 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша мемлекеттік бюджеттік жобасы машина жасауда қолданылатын бұйымдардың қажалуға төзімділігін арттыруға негізделген материал бетін түрлендіру мен қорғаныш қабаттарын алудың инновациялық технологияларын әзірлеуге  бағытталған. Жоба жетекші – ШҚМУ ғалымы, Рахәділов Б.Қ., жалпы сомасы - 266 млн. тг. 
Жоба аясында «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығы құрылып, онда машина жасаудың  бөлшектері, құралдары мен жабдықтарын нығайту технологиялары жасалды. Дайын өнімдерге трибологиялық сынақтар жүргізілді. Материалтану саласы бойынша «ҮМЗ» АҚ, ҚР Ұлттық Ядролық Орталығы, «BEST» өндірістік кәсіпорыны» ЖШС, «KEMONT» АҚ, «КазМуниция-Kazmunition» ЖШС және т.б аймақтық кәсіпорындармен бірлескен ғылыми жобалар да жүзеге асырылуда. 
Университет ғалымдары картоптың жаңа тиімді сорттарын жасаумен де айналысады.  Картоптың жаңа сорттарын алу  in vitro пробиркаларынан басталып, серіктесіміз - «Ярославское» ЖШС-нің егістігінде өнім алумен аяқталады. Ғалымдарымыз Шығыс Қазақстандағы бірегей биология және биотехнология зертханасының базасында аймағымыздың агроклиматтық жағдайына бейімделген өнімділігі жоғары картоптың 67 жаңа сортын шығарды.
2020 жылы өсімдік биологиясы мен биотехнологиясы зертханасының жетекшісі М.Ю. Сутуланың басшылығымен «Ауылшаруашылық өнімдерінің сұрыптарына вирусқа қарсы төзімділік қасиетін дарытудың инновациялық технологиясын әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы ғылыми жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруын жеңіп алды. Жобаның жалпы сомасы  61 млн. теңгені құрайды. Бұл жоба облыстың ауылшаруашылық орталықтарымен бірлестікте жүзеге асырылады.
«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен бірлескен жоба шеңберінде күнбағыс тұқымын гидрогельмен қорғауға арналған капсуляциялау әдісіне енгізу актісі алынды. Аймақтық кәсіпорындармен бірлесіп жүзеге асырылатын мұндай жобалар көп. Бұған қоса, университетімізде бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша құны 300 млн.теңгені құрайтын 5 ғылыми зерттеу тақырыбы және құны 200 миллион теңгені құрайтын 4 ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
Екі жылда жүзеге асырылған жобалардың жалпы сомасы 500 миллион теңгеден асады. Бұл нәтижелермен ғалымдарымыздың ғылыми әлеуеті тоқталып қалмақ емес. Өндіріс орындарымен бірлескен жүйелі жұмыс және облыстағы кәсіпорындардың ғылыми-инновациялық өндірісті дамытуға деген қызығушылығының артуы жаңа зерттеулерге серпін бремек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастардың ғылыми бастамалары мен инновацияларын қолдаулары  арқасында ғана мұндай жақсы нәтижелерге қол жеткізіліп отыр.
Жолдауда аймақтық жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу жұмысының өрістеуі мен ғылыми әлеуетінің дамуына өнеркәсіптер тарапынан қолдау жасау міндеті қойылды. Біздің оқу орнында KAZ Minerals Aktogay компаниясымен ынтымақтастықтың жақсы тәжірибесі бар. Компания тау-кен саласының жас мамандарын даярлау ісіне белсене араласады. Университет пен аталмыш кәсіпорынның тығыз серіктестігі нәтижесінде оқу орнының бірінші ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Е. Мәмбетқазиев атындағы оқу кабинеті және химия кафедрасының жанынан зертхана ашылды. Оқу кабинеті мен химиялық сараптама зертханасы 22,2 млн.теңгеге жабдықталды. Компания тарапынан интербелсенді  және техникалық оқу құралдары, табиғи жиынтықтар, оқу плакаттары, оқу құралдары, бейнематериалдар, демонстрациялық және зертханалық құралдар, химиялық реагенттер жиынтықтары мен ыдыстар, үстелдер мен орындықтар берілді. Сондай-ақ компания есебінен 6,1 млн. теңге көлемінде өндірістік және диплом алды тәжірибесінен өтетін студенттерге 15 грант бөлінді. Грант иеленген білімгерлер дипломдарын алғаннан кейін  Ақтоғай табиғи-кен байыту комбинатына жұмысқа орналасады.
Бұл – Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында атап көрсетілген өндіріс пен білім беруді интеграциялаудың оң тәжірибесі деуге лайық мысал. Университеттер мұндай ынтымақтастыққа және жұмыс берушілердің  мамандарды даярлау үдерісін модернизациялауға тартуға мүдделі.
Мұндай тәжірибені тарату Үкімет тарапынан ғылым мен техниканың дамуына компаниялар бөлетін 1% көлемінде бөлінетін қаржының мақсатсыз жұмсалатыны жөніндегім сынының азаюына ықпал етері сөзсіз.  Осындай оң тәжірибелердің арқасында университеттер мен бизнестің өзара ықпалдасу үдерісі ашық және транспарентті, өзара тиімді болмақ. 
Сондай-ақ, ел Президенті өз Жолдауында Үкіметке жыл сайын 500 ғалымның әлемдегі жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, «Жас ғалым» жобасы аясында жас ғалымдарға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды.
Біз облыс әкімі Д.К. Ахметовтің медициналық қызметкерлерді шетелде оқыту жөніндегі бастамасы керемет нәтиже бергенін, облыс ауруханаларын жоғары технологиялы медициналық жабдықтармен жабдықтауға мүмкіндік жасағанын жақсы білеміз. Сондықтан университеттердің іс-тәжірибесіне бизнеспен ықпалдастықтың халықаралық тәжірибелерін кеңінен енгізу аймақ пен елдің ғылыми-техникалық дамуына  серпін береді деген ойдамын».

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo