Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде «Парасатты университет» жобасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді

9 желтоқсанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Е.Н. Жалмағамбет, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры М.Ә. Төлеген, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, жоғары оқу орындарының, колледждер мен мектептердің өкілдері қатысты.

Университет ректоры М.Ә.Төлеген қатысушыларды С. Аманжолов атындағы ШҚУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің негізгі нәтижелері және «Парасатты университет» жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

ЖОО ректоры «Парасатты университет» университетте қажетті жағдайлар жасалып жатқан студент жастардың белсенді ұстанымынсыз мүмкін емес екенін атап өтті. Мысалы, студенттерге арналған тегін фитнес-зал, қазақ және орыс тілдеріндегі студенттік театрлар, өз қызметін қашықтық форматта жалғастыратын 30-дан астам қызығушылық клубтары бар.

ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған ЖОО ішіндегі нормативтік база құрылды және ол ЖОО қызметінде қолданылады. Бұл – «Этика ережелері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт», «Студенттің ар-намыс кодексі», «Оқытушының ар-намыс кодексі», «Академиялық адалдық ережелері» және басқа да нормативтік құжаттар.

Оқу процесі мен басқарудың айқындылығы мен ашықтығы бірінші кезекте ақпараттық-коммуникативтік және цифрлық технологиялардың көмегімен қамтамасыз етіледі. ААЖ, Е-Univer, Moodle үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы 4 жаңа сервер сатып алынды.

Қашықтықтан оқыту форматына көшу арқылы «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығының барлық қызметтері электронды форматқа көшірілді. Ақпараттық-білім беру интернет-жүйесі (Е-Univer) «Қашықтықтан оқыту», «Онлайн-конференция», «Кәсіби практика» сияқты өз функционалын кеңейтті. Бұдан басқа, edu.vkgu.kz «Қашықтықтан оқыту порталы» әзірленді және қолданысқа енгізілді, онда оқу процесі жүріп қана қоймай, оқу материалдарының жүктемелігі, студенттер мен оқытушылардың белсенділігі бойынша өзекті статистикалық ақпарат ұсынылған, «Ректор блогы» бар, «Виртуалды университет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн порталдары жұмыс істейді, Антиплагиат АЖ арқылы білім алушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру жүзеге асырылады, емтихан сессиялары мен мемлекеттік емтихандар кезеңінде «Экзамус Прокторингі» жүйесі қолданылады.

Сонымен қатар, университеттің ресми сайтындағы басты бетте барлық білім алушылар үшін жатақханада тұруға онлайн өтінімге рұқсат берілген.

Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі «Абайтану» ҒЗИ-мен бірлесіп «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбында бейнедәрістер циклін әзірлеуді бастады. Барлық академиялық топтарда бірінші вбейнедәріс негізінде адалдық сағаттары өткізілді.

«SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі,

баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo