Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры тұрғындар алдында 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар және 2020-2021 оқу жылына арналған міндеттер туралы есеп берді

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада заң ғылымдарының кандидаты, профессор, философия докторы (PhD), С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректорымен еліміздегі іргелі жоғары оқу орнының жетістіктеріне арналған онлайн-кездесу өтті.

«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті: заманауи талаптар мен жетістіктер» – университет ректорының Өскемен қаласы және ШҚО жұртшылығымен тікелей эфир тақырыбы осылай аталды.

– Бүгінгі таңда сапалы білім берудің маңызы артып келеді. Қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік әлеуеті білімнің дамуымен байланысты. Мұхтар Әділбекұлы Төлеген жаңа формацияның жетекшісі ретінде, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерімен марапатталған ҚР Педагогика ғылымдары академиясының мүшесі, Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі ретінде заманауи білім беру мәселелерін шешу жолында үнемі ізденісте жүреді, – деп атап өтті кітапханадағы тікелей эфирді ұйымдастырушылар.

Кездесу барысында М.Ә.Төлеген өзі басшылық еткен үш жыл ішінде оқу орнында болған өзгерістер туралы, университет алдында тұрған жаңа міндеттер туралы айтып, онлайн-кездесуге қатысқан кітапхана оқырмандарының, қала және аудандар тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Жастарды әлеуметтендірудің факторы ретіндегі білім беру сапасы туралы тікелей эфирдегі әңгімеге шамамен 1800 адам қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo