Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры ұжым атынан «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздарын құттықтады

Ғылыми кеңестің отырысы барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген «ЖОО-ның 2020 жылғы үздік оқытушысы» атағын алған ЖОО оқытушыларын құттықтады.

Университет ұжымының атынан ЖОО ректоры республикалық байқаудың жеңімпаздарын – PhD докторы, Экология және география кафедрасының доценті Назгүл Жәнібекқызы Женсікбаеваны, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті Айжан Солтанғалиқызы Тілебалдинованы, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Салтанат Адиканованы құттықтады. 

– «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы оқытушының жоғары кәсіпқойлығын, жаңашылдығын және инновациялық әлеуетін, педагогикалық және ғылыми қызметінің нәтижелілігін растайды. Шығармашылық табыс пен жаңа биіктерді бағындыруға тілектеспіз! – деп құттықтады байқаудың жеңімпаздарын М.Ә.Төлеген. 

Жеңімпаздарға грамоталар мен гүл шоқтары табыс етілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo