Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ректоры жауынгер-интернационалист оқытушыларды марапаттады

1988 жылғы 15 мамыр – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының басталуы. Бүгін С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген интернационалист-жауынгерлермен, университет оқытушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраның аға оқытушысы Қайрат Зайкенұлы Мареуов, Инжинерия және технологиялар кафедрасы шеберханасының меңгерушісі Төлеубек Тұрысбекұлы Рақышев, Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, облыстық ушу спорттық және дәстүрлі спорт федерациясының төрағасы, Шығыс Қазақстан облыстық Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы кеңесінің мүшесі Андрей Владимирович Кожуховский, Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраның оқытушысы, запастағы полковник Ақылбек Нұрдыбекұлы Самкенов қатысты, әскери кафедраның студенттері қатысты.

– Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне отыз жыл толады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Бұл жай ғана мерейтой емес, бұл жемісті еңбектің, жетістіктер мен батылдықтың 30 жылдығы» екенін атап өтті. Жыл сайын Ауғанстаннан әскерлерді шығару күнін атап өтудеміз. Еліміздің жетістіктерінде сіздердің де еңбектеріңіз бар, құрметті жауынгерлер. Сіздер өз үлгілеріңізбен ел жастарын жігерлендіріп, Отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизмді ұялатып келесіздер.

2019 жылы университетімізде Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылды. Онда әр бірінші курс студенті қажетті оқу курсынан өтіп, әскери мамандық ала алады. Кафедра жұмысында интернационалист-жауынгерлер де баға жетпес көмек көрсетуде.

Еліміз – тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің аралы. Осында көптеген халықтар бейбітшілік пен достықта өмір сүруде. Алдағы уақытта да осылай болуы үшін біз кез келген сын-тегеуріндерге дайын болуымыз қажет. Бұл жерде Отан қорғаушы кадрларды даярлауда сіздердің жауынгерлік тәжірибелеріңіз өте қажет.

Қанша жыл өтсе де, сіздердің әскери ерліктеріңіз жадымыздан өшпейді. Жас ұрпақ тәуелсіз Қазақстанның туын абыроймен көтереді! Біз Сіздерді мақтан тұтамыз! – деп атап өтті М.Ә.Төлеген.

Кездесу қорытындысында университет ректоры ардагерлерді, жауынгер-интернационалистерді атаулы күнге орай Алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапаттады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo