Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ресейлік жоғары оқу орындарымен 6 бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда

«Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту» стратегиялық бағыты шеңберіндегі даму бағдарламасы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен қосдипломды, бірлескен және дуальді білім беру бағдарламалары үлесін ұлғайтуды көздейді.

Ағымдағы оқу жылында ЖОО АлтМУ-мен (Ресей) және ТМУ-мен (Ресей) 6 бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда.

Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., РФ) бірлесе отырып, «Экологиядағы және табиғатты пайдаланудағы математикалық әдістер мен ақпараттық технологиялар» («Математика», «Қолданбалы математика және информатика» білім беру бағдарламалары), «Әлеуметтік және экономикалық процестерді басқарудағы ақпараттық технологиялар» («Информатика», «Қолданбалы информатика), «Қазіргі ғылыми танымдағы тарихи зерттеулер» («Тарих»), «Наножүйелер физикасы» («Физика»), «Қоршаған ортаны мониторингілеу және жоспарлау» («География», «Қоршаған ортаны мониторингілеу және жоспарлау») пәндері іске асырылуда.

Ал Томск мемлекеттік университетімен (Томск қ., Ресей Федерациясы) бірлесе отырып, «Көші-қон зерттеулері» пәні («Тарих», «Антропология және этнология» білім беру бағдарламалары) іске асырылып келеді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo