С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім алушылары білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жетекші университеттердің немесе ЖОО пайдаланатын белгілі білім беру платформаларының онлайн-курстарын таңдай алады.
Тыңдаушылардың онлайн-аттестаттаудан онлайн-курстан өтуі кезінде тұлғаны сәйкестендіру технологиясы пайдаланылады.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті оқытудың екі негізгі моделін қолданады:
1. сабақтарды қашықтықтан өткізу,
2. жетекші университеттер әзірлеген жеке онлайн-курстарды немесе онлайн-курстарды пайдалану.
Бірінші нұсқада университет өз курстарын қашықтықтан оқыту форматына (LMS, жалпыға қолжетімді платформаларды қолдана отырып) аударады және студенттерге қосылу алгоритмі мен пайдалану нұсқаулықтарын, сабақ кестесін ұсынады.
Екінші нұсқа студенттерге онлайн-курстарды ұсынады, платформаға қосылу алгоритмі ұсынылады (мысалы, Сoursera курстары).
Онлайн-курс семинар сабақтарымен және қашықтықтан оқыту түрінде өзіндік үй жұмысымен қатар жүруі мүмкін.
Онлайн-курсты меңгеру барысында оқытушы білім алушыларға оқу-әдістемелік қолдау көрсетеді, ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттау жүргізеді.
Баспасөз қызметі