С.Аманжолов атындағы ШҚУ және Жоғары колледжі Шемонаиха ауданы орта мектептерінің түлектеріне арналған «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Кездесу стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың қатысуымен өтті.
Болашақ талапкерлер білім беру бағдарламаларының бейіні, ЖОО-ға қабылдау және түсу мәселелері, әрбір білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен бірегейлігі бойынша пайдалы ақпаратты білуге мүмкіндік алды.
Оқушылардың белсенділігі, олардың көбірек ақпарат алуға деген ынтасы олардың университетке түсуге деген қызығушылығын көрсетті және осы форматтағы іс-шаралардың уақтылы өткізіліп отырғанын растайды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы