С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығымен, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханамен бірлесіп ZOOM платформасында «Тәуелсіз Қазақстанның археологиялық жетістіктері (Шығыс Қазақстан облысы)» ғылыми-танымдық вебинарын өткізді.
Вебинар мақсаты – Шығыс Қазақстанның археологиялық жетістіктерімен таныстыру, атқарылып жатқан археологиялық қазба жұмыстарына шолу жасау.
Вебинарға Шығыс Қазақстаннан ғана емес, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе облыстарынан мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындар мен колледждердің оқытушылары мен студенттері, музей, архив және кітапхана қызметкерлері қатысты. Вебинар сериясы 2020 жылдың мамырынан бастап жағасып келеді және болашақта Семей, Қарағанды қалаларының ЖОО-ымен бірлесіп өткізу жоспарланған.
Қазақстан тарихы кафедрасы