Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ әскери кафедрасына конкурстық іріктеу 21 қазанда аяқталады

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасына түсу үшін студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу қашықтық форматта өткізіледі.

Жоғары оқу орындарының қашықтықтан оқу формасына көшуіне және студенттерің аймақтарға кетуіне байланысты, әскери кафедраға түсу үшін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығымен төмендегідей шешім қабылдады.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің әскери кафедрасына түсушілердің назарына, студенттерді медициналық куәландырудан өткізу ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін олардың орналасқан немесе тұратын жері бойынша (студенттің әскери есепке алынған жеріне және студенттерді оқуға қабылдайтын ЖОО-лардың орналасуына қарамастан) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органының медициналық комиссияларымен ұзартылғаны туралы хабарландыралады. Студентті сәйкестендірген кезде жеке куәлік пен студенттік билет (ID карта) жарамды болып саналады.

Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу 2020 жылғы 12 қазаннан бастап кесте бойынша қашықтықтан өткізіледі. 

Іріктеу комиссияларының жұмысын студенттердің қатысуынсыз GPA қорытындылары бойынша құралған рейтингтік балл негізінде, облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органдарының медициналық комиссияларының қорытындылары және дене шынықтырудан ағымдағы бағалары негізінде өткізу.

Дайындық және іріктеу шараларының мерзімдері былай анықталды: құжаттарды жинау және қабылдау - а.ж. 10 қазанына дейін, конкурстық іріктеу 2020 жылғы 12-21 қазан кезеңінде.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты өтініштердің үлгілерін, медициналық карталарды жібереміз. Толтырылған өтініштер мен медициналық карталарды PDF форматында әскери кафедраның электрондық мекенжайына жіберу мерзімі – 2020 жылдың 10 қазанына дейін.

Электрондық мекенжай:  vk.vkgu@mail.ru

Анықтама телефоны: 8(7232) 751311.

Әскери кафедра бастығы Керенцев Александр Николаевич, 87052964556, Әскери кафедра бастығының орынбасары Кемелбаев Қанат Мұхаметуәлиұлы, 87715462904, маман Базыл Нұргүл, 87779667029.

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра

Қазақ
× You found a Typo