С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасына түсушілерге арналған кәсіби-психологиялық тестілеуге үшінші күні 61 адам қатысты, оның 25-і – нәзік жанды арулар.
Тестілеу online және offline режимінде өткізілді.
Тестілеуге Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда қалаларынан, Көкпекті, Жарма және басқа аудандардан әскери кафедраға түсуге ниет білдіргендер қатысты.
Тестілеу 15 қазанға дейін жалғасады.
Келесі кезең – іріктеу комиссиясының жұмысы GPA нәтижелері бойынша жасалған рейтингтік балл, медициналық комиссиялардың қорытындылары және студенттердің «дене шынықтыру» пәні бойынша 1 курс ішіндегі бағалары негізінде оқуға түсушілердің қатысуынсыз өтетін болады.
Конкурстық іріктеу 21 қазанда аяқталады.
Баспасөз қызметі