С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасында «Қаржылық қамтамасыз ету» жаңа білім беру бағдарламасы (ББ) ашылды.
Қазіргі уақытта оқыту үш мамандық бойынша жүргізіледі: "Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау", "Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру", "Психологиялық жұмысты ұйымдастыру".
Оқуды аяқтағаннан кейін әскери кафедра студенттері жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломмен қатар запастағы офицердің жеке куәлігін алып, Қорғаныс министрлігінде, әскери бөлімдерде, әскери полицияда және басқа да құрылымдарда жұмыс істей алады.
Оқуға түсу шарттары туралы ақпаратты сайттағы "Хабарландырулар" бөлімінен сілтеме бойынша қараңыз:
Баспасөз қызметі