Пост-пандемия жағдайында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің спорт клубы жұмыс жоспарына жаңа қосымша іс-шараларды енгізді.
2020-2021 оқу жылына арналған жоспарға келесі іс-шаралар енгізілді: ырғақты гимнастика (қыздар); күштік дайындық (ұлдар); шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ бойынша түрлі турнирлер.
Сонымен қатар, гимнастиканың дәстүрлі емес түрлері бар, мысалы, Стрелникова әдісі бойынша тыныс алу жаттығулары және басқалар.
Баспасөз қызметі