С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Биология» мамандығының 4 курс студенті Жібекжан Сембинова «Абай әндері» атты кәсіби емес орындаушылардың республикалық онлайн-конкурсында 1-ші орынға ие болды. Ол Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсын» туындысын орындады.
Байқауды Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 86-шы театр маусымының аяқталуына және ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 13 шілде мен 9 тамыз аралығында ұйымдастырды.
Ж.Сембинова конкурстың 15-25 жас аралығындағы тобына қатысты.
Жібекжан Сембинованы 1 орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз!
ЖҒжТФ деканаты