Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенті Артем Боровиков ADAM BOL AWARDS бірінші жаһандық қазақстандық сыйлығының жеңімпазы атанды

1 наурызы Алғыс айту күні Алматының Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ADAM BOL AWARDS Тұңғыш ауқымды қазақстандық жүлдесінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет мәрттік пен ерлік істер жасаған, басқа адамдардың өмірін құтқарған батырлардың есімі тұтас елге танымал болды.

ADAM BOL AWARDS жүлдесінің құрылтайшысы – қоғам қайраткері, Қоғамдық маңызды бастамалар Қорының жетекшісі, әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлия Назарбаева.

Халықтың дауыс беруі мен жүлденің Сарапшылар кеңесінің шешімі бойынша жеңімпаз атанған лауреаттар есімі: Надир Омарғазыев, Қазақ Ұлттық Өнер университеті колледжінің студенті Иманғали Баймырза, Нұр-Сұлтан қаласы, 7 сынып оқушысы Жан-жануарларды қорғаушы Сергей Снигирев, Алматы, Қазақстанның Ұлттық гвардиясының әскери қызметкері Андрей Петров, Ақтөбе, Ақбота Аманғалиева, Ақтөбе қаласы, кәсіпкер, Ержан Амарханов, Семей қаласы, грек-рим күресінің жаттықтырушысы, Ардақ Байманасов, Ақтау қаласы, еңбек ұйымдастыру бойынша бас инженер, Артем Боровиков, Өскемен қаласы, студент, Александр Шахов, Теміртау қаласы, өндірістік альпинист, Әлиакбар Юлдашев, Түркістан қаласы, жұмыскер, Александр Жумабаев, Павлодар қаласы, КАМАЗ жүргізушісі.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Артем Боровиков негізін қалаушы Ә.Н. Назарбаева болып табылатын ADAM BOL AWARDS бірінші жаһандық қазақстандық сыйлығының лауреаты және жеңімпазы атанды. Оған MYQTY ADAM атағы берілді.

Ұлы ақын Абайдың "Адам бол" адамгершілік кодексі ADAM BOL AWARDS-тың шабыт көзі болды. Жобаның ұраны – "Батырлар жанымызда!».

Конкурстың шарты бойынша құрамына Қазақстанның танымал тұлғалары кіретін сарапшылар кеңесі ADAM BOL AWARDS бірінші жаһандық қазақстандық сыйлығына номинанттардың кандидатураларын және олардың халықтық дауыс беруге қатысуын бекітеді. Содан кейін халықтық дауыс беру арқылы номинанттар арасынан 12 сыйлық лауреаты анықталды. Бірінші жаһандық қазақстандық ADAM BOL AWARDS сыйлығының (жобаның бас жүлдесі) бас жеңімпазын дауыс беру арқылы лауреаттар таңдайды – оған MYQTY ADAM атағы беріледі.

Қазақстандықтар бейбіт уақытта ерлік жасаған, көп дауыс жинаған, Қазақстанның Халық қаһарманы – ADAM атағына лайықты 12 лауреат үшін дауыс берді.  Олардың арасында біздің кейіпкер Артем Боровиков та болды, содан кейін ADAM BOL AWARDS сыйлығының 11 батыры дауыс берді.

Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева Артем Боровиковқа диплом және "MYQTY ADAM" медалін тапсырды. Сонымен қатар, оған және басқа да лауреаттарға бір миллион теңгеден сыйлық берілді.

Артемнің айтуынша, ол соманың жартысын дос қызы Вера Красковаға бермек.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда Артем донор ретінде плазманы тапсырады. Ол Мирный кентіндегі үйіне барады, әлсіздік сезініп, төсекке жатады, бірақ оны дос қызы Вера Краскова оятады. Су алуға барған жергілікті кейуана тайып, өзенге құлап кеткен екен. Оны су ағысы тартып әкетеді. Үйден атып шыққан Артем Боровиков көмекке келеді. Абырой болғанда, полиция мен жедел жәрдем келгенше жас жігіт мұзды суда қалқып, зейнеткерді ұстап тұрған. 

Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы Андрей Мула А. Боровиковқа грамота мен сағат табыстады, ал С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлеген ерлік көрсеткені үшін Сәрсен Аманжолов атындағы алтын медальмен марапаттап, оған Абай атындағы шәкіртақы мен ректор грантын табыс етті.

Біз студентімізді және батырымызды құттықтаймыз әрі мақтан тұтамыз!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo