Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенті Артем Боровиков «Қазақстанның 100 жаңа есімі» онлайн дауыс беруіне қатысуда

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 1 курс студенті, ADAM BOL AWARDS бірінші жаһандық қазақстандық сыйлығының жеңімпазы Артем Боровиков «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағдарламасының онлайн дауыс беруінің қатысушысы атанды. Онлайн дауыс беру 31 наурызға дейін жалғасады.

Біз студентті, батырымызды қолдаймыз!

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда Артем Боровиков кейуананы мұзды судан шығарып, құтқарған-ды. 

Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы Андрей Мула А. Боровиковқа грамота мен сағат тапсырды, ал С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлеген ерлік көрсеткені үшін Сәрсен Аманжолов атындағы алтын медальмен марапаттап, оған Абай атындағы шәкіртақы мен ректор грантын табыс етті.

Ал 1 наурызда Алғыс айту күні Алматыда Артем Боровиков "ADAM BOL AWARDS" бірінші жаһандық қазақстандық сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаз атағына ие болды. ADAM BOL AWARDS сыйлығының негізін қалаушы – қоғам қайраткері, қоғамдық маңызы бар бастамалар қорының жетекшісі, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлия Назарбаева.

Бокстан мына облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері: 2016 жыл - 1 орын, Шемонаиха ауданы, 2017 жыл - 3 орын, ШҚО, 2018 жыл - 2 орын, Қазақстан Республикасы, 2018 жыл - 1 орын, Оқушы жастар арасындағы спорттың күштік түрлері бойынша жарыс.

Біздің студентке дауыс береміз!

Қалай дауыс беруге болады?  Сілтемені басу керек және фотосуреттің астында "дауыс беру" батырмасы пайда болады, оны басыңыз, сізден пошта сұралады, электрондық поштаңызды енгізіңіз, сонда сізге SMS-код жіберіледі. Оны көшіріп, қайтадан дауыс беру сайтына теру керек, содан кейін дауыс ескеріледі!

Мына сілтеме бойынша дауыс беру керек: https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2021/%D0%B1%D0%BE%D1%80%D0%BE...

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo